Керемет, бала- шағамен барып демалғанға жақсы екен.
Баланың қауіпсіздігі ойластырылған, көз алдыңда жүреді, сыртқа шығып кетеді деп қорықпайсың.Немерелерім тура Тарзан болды ғой деп куліп жатырмын.Көп балалыларға,туған кун иелеріне жеңілдіктер де қарастырылған.
Шөлдесе сулары ішінде, қарындары ашса дәмді тағамдары бар кафесі де бар екен.
Кіру ақысы да, кафесі де қолжетімді бағада.
Ішінде ойнау уақыты да шектеусіз, баруға кеңес беремін!
Qaganat
November 2024 •
5
Тамаша, қазір полуфабрикаттар да сатады екен.Мен пельменін алдым, дәмі тура уйдегідей. Пельмен түюдің өзі де уақытты алады ғой, мынау таптырмас көмек, дәмі тіл үйіреді.Сіздерге де кеңес берер едім.
Bereke
October 2024 •
5
Құдайы тамаққа бардым.
Ас мәзірінде қазіргі діни басқарма бекіткен тағамдармен жасалған.
Зал кең, көлік емін- еркін кіріп шығатын жерге орналасқан.
Банкет жасауға тағамдары дәмді екен
Ethnocafe Zhailau
October 2024 •
5
Қазағымның ұлттық тағамдарын, жеңсік астарды, ұмытвлып бара жатқан тағамдарды жегіңіз келсе, ,,Жайлау" этнокафесіне баруыңызға кеңес берер едім.
Қарын бүрме, сіңір, жент, ірімшік т.б.тағамдары сілекейіңізді ағызады.
Мен сіңірді қайта заказ беріп жедім, сүйектегі майы керемет, барып өзіңіз дәмін татқаныңыз жөн болар еді
Kazkaras
October 2024 •
5
,,Көзқарас" офтоорталығвнда көзіңізді жіті тексертіп алғаныңыз дұрыс. Есіктен кіргелі биязы медбикелер сұрақтарыңызға анық жауап беріп, қызмет көрсетеді.
Мен көзімде катаракта барын осы жерде жіті тексертуден өтіп білдім.Алла қаласа ота жасауға барамын
Keremet
October 2024 •
5
Атына заты сай. ,,Керемет" орталық.
Asmed
October 2024 •
5
Клиника соңғы медициналық - техникалық жабдықтармен қамтылған.
4- ші қабатқа шығатын арнайы лифт де бар.
Кеңес берер едім: барлық керекті медициналық көмекке осы клиникаға жүгінсеңіздер. Медицина қызметкерлерінің қызмет көрсету сапасы өте жоғары деңгейде.
Өзім бірнеше рет жүгіндім.
Тастақ.Төле би көшесі, 260 деп таксимен келсеңіз, тура алдына тоқтайды, ал интернеттегі адрес лифт жоқ жаққа апарады.
Zıa-Nur
June 2024 •
5
Ресейдің өнеркәсібінен шыққан аяқ киімдер, сапасы жоғары.Қыста уйге киетін тәпішкесін алғам, иіс те шығармайды, қаншама рет жудым, ашылып та кетпейді.
Осы жолы жаздық сандалик, басоножка алдым.Аяққа жеңіл екен.
Сапасы жоғары аяқ киім іздеп жүрсеңіздер сіздерге комфорт обувь бутигіне баруды ұсынамын.Өкінбейсіздер, кірген бетте 1 қабат, сол жақта
Емдек орталығының емі қонымды.
Амир Алмас есімді дәрігер нағыз өз ісінің шебері екен, жаныңа батқан дертің жайлы асықпай сұрап аласың.Сөзбен емдейтін дәрігер, кейде әңгімелесіп отырып, оның дәрігер екенін ұмытып кетесің