Эврикадан краска алғанмын. Қымбат бағасы. Бірақ қолма-қол ақшаға жеңілдік жасап, арзан бағаға берді. Каспий магазиннен кондиционер алар кезде Эвриканы таңдадым. Курьерлік қызметі жақсы, ұнады. Ұнамайтыны заттары тым қымбат
Нұрай супермаркет егесі ауыспай тұрған уақытта клиенттер кіргенде сатушылары ең алдымен амандасып, корзина алуды ұсынады, іздегеніңді тауып береді. Барлық тұрғындар алыс болсада Нурай сумермаркетіне баратын. Дәл қазіргі уақытта клиентке қызмет жасау сапасы төмендеген. Дегенмен азық-түлік өнімдері жақсы деуге болады
Бір екі рет кіргенмін. Кіргім келмейді . Азық-түлік өнімдері мерзімі ескірген. Ұнамайтыны егесі әйел адам клиенттермен қарым қатынас жасаудың жолын білмейді. Түркістанда дүкендерде клиентке қызмет жасауды мүлдем білмейді
Бұл банк мәңгі есімде қалады. Ипотека 7-20-25 бағд. үшін кредит сұрап барғанда менеджер "неке бұзу" куәлігін сұрайды (ажырасу бұйрығында судьяның тек электрондық мөрі бар). Сөйтіп қайтарып жібереді де менде уақыт тығыз басқа банктерді аралар, сандалып кеттім. Кейін естіп қалсам әріптесім мен сияқты ажырасқан бірақ одан құжат талап етілмеген себебі ол МЕНЕДЖЕРДІҢ СЫНЫПТАСЫ екен. Бір менеджер бір банктың сый құрметін кетіріп отыр