Құрметті Шығыс Қазақстан облысының онкология және хирургия көпсалалы орталығы, мен сіздерге ризамын. Қабылдауда отырған медициналық персоналға, гинекология , маммалогия онкология бөліміне, оның басшысы Серик Базеновичке. Онкологияны басқарып отырған басшысына үлкен рахмет айтамын. Бірақ бір айта кететін жайт бар. Мен Зайсан ауданында тұрамын. Онкологияға апрель айынан есепте тұрамын. Өте жақсы ем , ота жасалды. Бірақ үш айдан соң келу керек болдым толық тексерілуге. Басқа жақта обыр шығып, метастаза болып жатқан жоқпа соны тексеру үшін. Бүгін келдім таксимен 10 мың төлеп таксиге, енді ертең қайтамын 10 мың ары төлеп. Сол келгенде врачпен 2-3 минут кезііктім, анализім қаралды, УЗИ комплексті түсуге жолдама (направление) берді. Енді айтайын дегенім УЗИге өту мерзімі 14.11 бастап қана орын бар. Мен 29.10 келіп тұрмын. Мен бүгін кері қайтамын алыс елді мекенде тұрғандықтан қайтадан 13.11 келуім керек. Квартира жалдадым. Сол бір 3 минутқа, жолдамаға ұзақ жол жүріп қаражат қаншама кетірдім. Осында келе жатқанда жол апаты болды . Сонда осы жолы бостан бос сол направлениеге тіркелуге ғана келдім. Осы жерде онкология орталығына өтінішім: ресепшнге ( өтініш қабылдау) жазылғанымызда онколог врачтар учётта ( есепте тұрған пациенттерге) алдына ала ма направление беріп өздері шақырса бұрын операция жасатып, ем қабылдаған науқастарға. УЗИға, ПЭТ КТ-ға Семей, Астана, Алматыға тіркелу үшінде 10 күн бұрын келіп (напраление )жолдама алу керек екен. Ыңғайсыздау жағдай мен сияқты алыс елді мекеннен келетіндер үшін. Семейдегі ПЭТ КТ істен шығып істемей тұр. Енді олар дұмыс істедік келіңіз десе, мен Өскеменге врачқа келіп сол жаққа жолдама алуым керек екен он күн бұрын. Оныда өзің тіркеліп, врачтан . Сонда қыс келе жатыр мен алыста тұрамын . Такстмен шығамын. Себебі автобуспен жүру мүмкін емес. Глубокое, Шемонайха , Ұлан т.б. жақын жақтан . келетіндер сол күні барып , кері қайта салатын жақын жерде емес. Мысалы мен врачтың қабылдауына 28.10 жазылған болатынмын. Жолға 27.10 шығып жолда жол апаты болды көлікпен. Сондай жағдай жиі болады. Меніменде болды. Тірімін , бірақ кері қайтып, врачқа бару мерзімін өзгерттім. Алыста тұратын пациенттерге бір қолайлы жағдай болса. Ренішім жоқ, сіздерге, бірақ бір өзгерістер жасап жеңілдік жағын ойластырса. Жалпы онкология орталығының басшысына мекемені басқарып отырған үлкен рахмет. Сіз бәрін бақылап назарда ұстап отырсыз, ол байқалады. Көп өзгерістер жасап жатырсыз. Күрделі жөндеу жасатып та жатырсыз. Жалпы науқастарға керемет жағдай жасап жатырсыздар. Өте ауқымды жұмыс жүруде. Больница іші таза, екі кісілік палата, персонал , врачтар, тамақтандыру бәрі керемет болды ризамын. Пациенттерге деген ресепшенде отырған медперсоналдың қарым қатынасы жақсы. Сол бір өтінішім алыс елді мекеннен келгендерге ары бері жүру қиын. Өтетін ем, процедуралар мерзімі келген соң бірден жасалатындай, алдын ала тіркелуде қандай ем жасалатыны айтылып дайындалып келсек алыс елді мекеннен келетіндер. Өскеменнің өзінен не қаланың маңайдағы аудандаран келетін науқастарға жағдай жақсы. Ал бізге қиын екен. Бүгін осыны басымнан өткердім. Мен жұмыс істеймін. Бюллетень ашу керек қайта қайта.
ПЭТ КТ Семейде Алматы Астанада ғана екен. Өскеменде де болса. Рахмет сіздерге