Өте әсем зал. Салтанатты жиындар мен түрлі іс-шараларды ұйымдастыру ыңғайлы. Тек бір мәселесі ұйымдастыру барысында қаржылық қиындық туғызады. Сахна безендіру жұмыстарын өздері белгілеген компания тарапынан ғана жүргізу құқығы берілген.
Өте жақсы сауда орталығы, орналасқан жері, жер асты паркингі, адамдарды тастап кету, алып кету үшін тегін уақыт қарастырылған. Дүкендер желісі, тамақтану корттары және т.б.
Күннен күнге қаланың әрі сәнін келтіріп тұрған, әрі жақсы демалуға болатын жер. Тал-дарақтары бой алып, қыста ық, жазда көлеңке мен таза ауа беріп, бала-шағамен керемет уақыт өткізетін баққа айналды.
Сонымен қатар, денсаулығыңызды реттеу, жақсарту мақсатында көптеген алаңшалар қызмет көрсетеді.
Палауы керемет!!! Басқа тағамдары да дәмді, кәуап, самса т.б.
Бірақ, қызмет көрсетуі өте төмен. Түнде үйіне басакөктеп келіп, оятып алып, тамақ сұрап отырғандайсың.
Қайта жөндеуден өтіп, керемет сарай ретінде қызмет атқарып тұр. Үкіметтің ресми іс-шаралары осы сарайда өткізілуде. Айналасы да өте сәнді саябақпен үйлеседі.