Қарағанды облыстық филиалы «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» акционерлiк қоғамының сенімділік, сенім, ашықтық және клиенттері әрі серіктестерімен өзара қарым-қатынасының жоғары сапасы қағидаттарын сақтай отырып, тұрғын құрылыс жинақ жүйесіне қатысу үшін экономикалық тұрғыдан белсенді ел халқының кеңінен қамтылуына ұмтылады. Соның дәлелі ретінде отбасы банктің қызметкерлері: Бизнесті Дамыту Бөлімінің І санатты мамандары Ошанова Тоғыжан Нурлановна, Ердебаева Эльвира Куанышевна, банктің Көшбасшы кеңесшісі Фазылова Раушан Асхаровна, І санатты маман Аденов Еркебұлан Толеуович біздің қаржылық сауаттылық білімдерімізді нығаята отырып, салымшының қандай құқықтары бар екенін және баспаналы болуға болатын бағдарламаларды айтып, жоғары деңгейде қызмет көрсетті. "Отбасы банк" АҚ банкке кіргеннен банк қызметкерлері алдына келген клентті жылы шұраймен қарсы алып ,нақты түсіндіріп мемелекеттік тілде жауап беріп болашақ жоспарға бағыт- бағдар береді.
Банк қызметкерлері Ошанова Тоғыжан Нурлановна, Ердебаева Эльвира Куанышевна, Фазылова Раушан Асхаровна , Аденов Еркебұлан Толеуович сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңіз жемісті , табыстарыңыз мол болсын.
Қарағанды облыстық филиалы «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» акционерлiк қоғамының салымшылары көп болып , мәртебесі биіктей берсін.
Салымашы : Садуова Ж.Қ.