Бірнеше рет болдым. Тамақтары, кәуаптары талапқа сай дайындалған. Қызмет көрсету сапасы да жоғары.
Lotte Rakhat
January 2025 •
4
"Рахат" - еліміздің ең үздік кәмпит шығаратын фабрикасы. Шет елдерде де "Қазақстан" шоколады еліміздің символы іспеттес. Кәмпиттің атаулары да, оралатын қағаздың дизайны да әдемі. Бір жұлдызды кем қойған себебім - фабриканың совет заманындағы өнімін жеп көргенмін ғой, оған жету енді жоқ шығар. Дегенмен де, қазіргі таңда "Рахаттың" кәмпитіне жететіні жоқ.
Sandyq
December 2024 •
4
Ұлттық тағамдар мейрамханасы. Іші ұлттық нақышта әдемі безендірілген, бұрынғы музыкалық аспаптармен сүйемелдеп айтылатын қазақ әндерін тыңдап, бұрынғы уақыттағы ұлттық жабдықтарды да көріп, жақсы атмосфераға бөленуге болатын ерекше мейрамхана. Әттең, қымбаттау, көпшілікке қол жетімді емес деп ойлаймын.
The Main Botanical Garden
December 2024 •
5
Қаламыздың әдемі жерлерінің бірі. Кіру бағасы да қол жетімді. Табиғатын тамашалауға келіп көру керек деп санаймын.
Rakhman springs
December 2024 •
4
Бұл жер ғажап, табиғаты ертегідей. Өте ұзын жол емес, жолды жөндеу жұмыстарын жүргізу қиын ба екен, аудан, облыс басқармаларына? Бұнда республиканың түкпір - түкпірінен, шет елден келіп жатқан туристерде есеп жоқ. Жол жасалар ма екен?