Мейрамхана іші жақсы шағын тойға болады. Ал енді қызметкерлеріне келсек өте нашар. Даяшылары өз беттерімен ұйықтап жүреді, айқайлап шақырып отыру керек. Кішкентай ғана рюмка сынған үшін 2500тг төлеу керек, ол рюмка Қарағандыда Самалда 300тг тұрады. Администратор мейрамхананы аламыз той жасаймыз деп сөйлесуге келгенде керемет адам, ал бірақ той жүріп жатқанда, той біткенде мүлдем басқа адам. Той басталмай жатып ақша бер деп даяшыларын жіберіп сұрата береді. Бір столға бір орындық қосқан үшін ақша алды бір адамға төле деп, ал бізде шақырылған адамдардан 4 адам келмеді. Ананы болмайды, мынаны болмайды, баланы орындыққа шатқызба сиіп қойады және т.т. айта берсе толып жатыр. Масқара екен. Өтініш мейрамхана иесіне, администраторды ауыстырыңыз егер бір рет той жасаған адам қайта тағы келсін десеңіз. Олай жасамасаңыз мейрамхана тойсыз қалады.