Маған ұнады, тойға бардық, интерьері, атмосферасы тамаша. Іші үлкен, кең,жарық, сәнді. Тағамдары дәмді, қызмет көрсету сапасы жоғары деңгейде. Даяшы қыздары өте сұлу тақияларымен
Өте ұнайды дәл осы жердегісі. Қызмет көрсету сапасына ерекше назар аударғым келеді. Кейбір жерлерге барғанда тек қана орысша сөйлесең ғана нормально қызмет көрсетеді, ал мұнда басқа ұлттың өкілдері де қазақша сөйлеп тұрады😀
Тағамдары өте дәмді, бірақ сіз тапсырыс берген уақыттан бастап дайындайды, шамамен 30-40 минутта дайын болады. Егерде күтуге уақытыңыз болса баруға кеңес беремін
Атсосферасы жақсы. Хеллоуин мерекесіне түсіппіз, бірақ керемет болды дей алмаймын, себебі бұл мерекен і онша түсінбейтінімнен болар. Жалпы жақсы орын демалуға, қызмет көрсету сапасы жақсы, қызметкерлері дұрыс қарым-қатынас құра біледі. Ұнады
Біздің сүйікті орнымыз🥰🥰🥰 12 скамейкаға 12 айды жазған, бір-бірімізді "Июньде отырмыз, августьте отырмыз" деп тауып аламыз😄 жазғы күндері көлеңкелі, қыстың күндері кешкісін керемет көрініске ие жер
Тағамдары дәмді, іші таза, қызметкерлері тарапынан еш өрескел қылық көрген емеспін. Асхана болғаннан кейін өз өзіне қызмет көрсету керек, бағасы да жақсы
Түскі ас уақытында комплексный обедке бардық. Былтыр жиі баратынбыз, биылдыққа 1 рет қана болдық. Бұл жолы барғанда тамағы ұнамады, ешқайсымыздың көңілімізден шықпады. Қызметкерлері өте жақсы, түскі ас уақытында әдеттегідей адам көп болады. Бағасы қол жетімді
Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасы ❤️❤️❤️
Абай атындағы ҚазҰПУ, Тарих және құқық институты орналасқан. Ұлттық тестілеу орталығының филиалы орналасқан. 95 жылдан астам тарихы бар Университетте қаншама түлектер тәрбиеленіп шықты
Іші таза, жақсы. Бірақ қаладағы филиалдарында болатын кейбір тауарлар мұнда табылмайды. Ааа, есіме түсіп кетті, сол жерде жүрген қызметкерден бір тауар туралы ақпарат сұрап едім, ол тауар жоқ, білмеймін деп бағасы жазылып тұрған қағазды алып тастады да кетіп қалды. Аздап таң қалып қалдым🤪