Жақында құдамның немересінің тұсау кесер тойы десекте болады осы ресторанда өтті. Залы кіші гірім қуаныш , садақаларды өткізуге лайықты. Жұмысшы қызметкерлері кішіпейіл , өз міндеттерін тиянақты атқарды. Дайындаған тамақтары өте дәмді және дайындау барысында өздерінің өзгешеліктерін тиімді пайдалана білген. Ал кемшілігі бір кішкене соктар , сулар сататын орын жоқ екен.Барған қонақтардың талғамы әр түрлі болады ғой. Сосын ауласының мұз болып жатқаны ұнамады. Бір тұз немесе басқа химикаттар бар ғой соны сеуіп қойғанда болатын еді. Жалпы жақсы деген баға берем.
Akbayan-Akbala
August 2023
5
Ия, өзі кіші гірім дүкен болғанмен әрдайым қажетті азық түлік түрлері баршылық. Өзге жұртты білмеймін , әйтеуір барғанымызда сөрелері толып тұрады және барлығы " свежый" дейме. Сатушы адамы да бір мың болғыр адамдар. Кішіпейіл, сыпайы , өзім бұларды көп танымаймын да. Сондықтан жалған мақтап отырғаным жоқ. Бізде қонақтарды көп қабылдайтын отбасымыз. Азық түліктің түрлері мен сапасына көп мән береміз. Ал, құндарына келетін болсақ < Дина> , < Анвар> маркеттерінен қымбат емес.
Байсанов .З. Ә.
Ukon
July 2023
5
Жатын бөлмелерінен басқа бәрі жақсы. Қызмет көрсетулері жоғарғы дәрежеде. Әр қызмет алушыға талапқа сай және қажеттілігіне сәйкес қызмет көрсетті. Мен екі қолым көтертпей , мықты ауырып темір жол ауруханасында 10 күн ем алдым. Көмек шамалы болды. Содан 15 күннен кейін собес арқылы Сіздерге барып ем алдым. Себебі екі қолымның ауруы одан сайын күшейген еді. Ем дайындаушы врач менің науқасымның түрін естігесін тиісті емдерін жазып берді. Сол емдердің арқасында науқасымнан шамамен 60 пайызы жазылды. Ұйқым қалпына келді. Ем беуші қызметкелер ( массаж , гряз , парафин, физ лечение, соль ванна , токпен емдеу және кезекші мед. бикелер) т.б өз істерінің білікті мамандары екенін екенін көрсетті. Мен ойламын осының бәрі қызмет көрсетуді ұйымдастырып отырған басшылықтың арқасы деп. Себебі дұрыс мамандарды таңдап оларға жағдай жасап , бақылау болмаса халықтың көңілінен шықпас еді. Бұл жалғыз менің пікірім емес. Алдағы уақытта ақша жинасам әліде толық жазылмаған ауруымды емдеп алам деген ойым бар. Сондықтан Юконға тағы баруға тырысам. Қызметтеріңе РАХМЕТ.
Пікір қалдырушы: Байсанов Заузат Әбдіхалықұлы. 2 топ мүгедек. Ақтөбе қаласы.