450г вареников стоит 2500тг. У вас вареники сделаны из картофеля, выращенного на золотых полях?понимаю ручная лепка, но не настолько же
Asyl Bobek
December 2023 •
5
Сәлеметсіздер ме!
Мен, Жақсыбай Айнұр, 64 "Асыл бөбек" бала-бақшасындағы "көжек" тобының тәрбиеленушісі, балам Ахметов Темірланның анасымын. Барлық бала-бақша ұжымына шын жүрегіммен алғысымды айтқым келеді. Оның ішінде бақша ұжымын айрандай ұйытып, балаларымыздың сауығып кетуіне, мерекелердің көңілді өтуіне, ата-аналармен қарым қатынасы түзу, іс-шаралардың тиянақты өткізуіне өз үлесін қосып жатқан бала-бақша меңгерушісі Сауле Қалиевнаға мың алғыс!
Оқу-ағарту ісінің шеберлері әдіскерлер Назгүл Еркиновна мен Бейбіткүл Какимовнаға, балаларымыздың денсаулығын жіті қадағалайтын дәрігеріміз Шолпан Тәңірбергеновнаға алғысымды айтамын!
Балаларымыздың екінші анасындай болып кеткен тобымыздың тәрбиешісі
Ұлбосын Жасанқызына үлкен алғысымды білдіремін! Ол кісінің балаларымызға деген мейірімді көзқарасы, ата-аналарға деген сыйластығы, балалардың біліміне, сауығып кетуіне деген ынтасы тым ерекше. Әрқашан түсіністік танытып жүреді. Осы топқа түскенімізге еш өкінбейміз.
Психолог Лутфия Дильмуратқызының балаларымызбен жұмыс жасауы, оларға деген мейірімді көзқарасы бір төбе. Өзінің балалаларындай жақсы көріп, ата-аналармен мықты қарым қатынас орната білген, мықты профессионал маман ретінде таныдым. Шын жүректен алғысымды білдіремін!
Балаларымыздың тілін дамытуға үлкен үлесін қосып жатқан
дефектолог Аяужан Тұзбайқызына ерекше алғыс айтамын! Ол кісі мықты маман иесі, балаларға да, ата-аналарға да мейірімділікпен, сыйластықпен қарайды.
Жалпы "Асыл бөбек" бақшасында балалардың жақсы білім алып, денінің сауығуына арналған шаралар ұйымдастырылған. Мысалы, бассейн, сауна, ЛФК, дене шынықтыру, тұзды шахта, сенсорлық интеграция бөлмесі, логопедтік бөлме, тіпті шағын кинотеатр да бар. Әр мереке сайын есік алдынан би мен музыкамен, әдемі, қызықты киім киіп, күтіп алады. Таңертеңнен көтеріңкі көңіл күй сыйлап жүреді. Баланың тілі шығып келе жатқанын байқадым. Ол мен үшін үлкен жетістік.
Аспаз апайларымызға, тазалықты сақтайтын тәтелерімізге, көмекші апайларға, күзетші ағайларға аналық жүректен шыққан алғысымды білдіремін! Жасай берсін "Асыл бөбек"!