Сәлеметсіздерме мен 2 қалалық балалар клиникалық ауруханасында баласын операциядан кейін жоғалтып алған анамын. Баламның аппендициті жарылып операциядан оянбады.
Мен түнгі сағат 03.50 шамасында жедел жәрдем мен баламды алып келдім. Барсақ хирург ұйқысын аша алмай шығып келді. Сосын клизма жасатыңыз деп клизма жасаттық. 10-15 мин бала ары бері жүрсін деді, жүрдік содан соң хирург операция жасаймыз жарылып кеткен деді. Мен әрине қорқып бірінші келісім бермей жарты сағаттан соң келісім бердім. Содан ары бері қағаз толтырды. Анализ алды баламның жаны қиналып аяқ қолы мұздап қабылдау бөлімінде жатты. Содан түнгі 3:50 де келген баламды төртінші этажға операцияға дайындаймыз деп лесницамен жоғары жаяу алып шықты. Содан обход узи деді не керек 10:30 да бірақ операция жасады. Операциядан оянбай кетті. Балаларыңыз қыңқ етті ме дереу апарыңыздар. Мен басымнан өткеннен соң айтып жатырмын. Менен бе или Аллахыма керек болдыма немесе сол болницадағы врачтардың салғырттығыма білмеймін 9 жастағы баламды жоғалттым.